+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

ОҚО-да индустрияландыру картасы аясында 18 жоба іске қосылған

2018 жылғы 16 ақпан 11:59
Бөлісіңіз:
ОҚО-да индустрияландыру картасы аясында 18 жоба іске қосылған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өткен жылды қорытындылап, халық алдында есеп беруде. Онда аймақ басшысы 2017 жылы өңірдің экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жылда іске асырылатын жұмыс жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Есепті кездесуге жергілікті тұрғындармен қатар, пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Мұрат Имандосов және «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

Өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталған өңір басшысы өнеркәсіп саласында 858,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 69,5 млрд теңгеге өскенін айтты. Әкімнің сөзінше, өңдеу өнеркәсібі өндірісінің өсімі өткен жылмен салыстырғанда бірқатар салаларда артқан. Өткен жылы Индустрияландыру картасы аясында 36,4 млрд теңгеге 18 жоба іске қосылған. Осының арқасында мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Ал, қазіргі таңда 11 индустриялдық аймақтың 9-ы толыққанды жұмысқа көшкен.

«Елбасы биылғы Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты» Жолдауында индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс деп атап көрсетті. Осы орайда облыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындар әлемдегі жетекші өндірушілердің жаңа цифрлық технологиялары мен автоматтандырылған басқару жүйелерін кеңінен енгізуді жоспарлап отыр. Индустрияландыру картасы аясында 40 млрд. теңгеге 1500-ден астам жұмыс орнын құрайтын 20 жобаны іске асыру жоспарлануда»,- деді Жансейіт Түймебаев.

Облыс басшысы сондай-ақ аймақтарда іске асырылған жобалар саны 78-ге жетіп, 35,9 млрд теңге инвестиция тартылғанын атап өтті. Облыс экономикасына 482 млрд теңге инвестиция бағытталып, 20,2пайызға артып отыр. Бұл көрсеткішпен оңтүстік өңірі республикада алдыңғы орынға тұрақтаған.

«Шетел инвесторларымен 40-тан аса іскерлік кездес өткізілген. Нәтижесінде, Ресеймен шағын гидроэлектрстанциясының құрылысын салу жөнінде келісім жасалды. Ал, Қытаймен - биоэтанол мен фосфор тыңайтқышы зауыты, күн сәулесінен электр қуатын өндіретін электрстанса құрылыстарын жүргізу көзделіп отыр»,- деді аймақ басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT