ОҚО-да иістен уланған 2 жасар сәби көз жұмды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында иістен уланған бүлдіршін ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдай Қазығұрт ауданында болған. Өңірдің газ шаруашылығы мекемесінің мәліметінше, Қазығұрт ауылындағы бір үйден иістен уланған екі жасар бала мен 23 жастағы анасы аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер бүлдіршінді аман алып қала алмады. Ал, анасының жағдайы ауыр.  Әзірге олардың қандай жағдайда уланып қалғандары белгісіз.

Айта кетейік,  жылу маусымы басталғалы бері облыста 12 адам иістен уланып, қаза тапты. Олардың басым бөлігі кәмелет жасына толмаған балалар болып отыр. Қайғылы жағдайлардың басым көпшілігі облыс орталығында, сосын Сарыағаш, Қазығұрт аудандарында тіркелді. 

Соңғы жаңалықтар