ОҚО-да ерлі-зайыптыларды асқан қатыгездікпен өлтірген күдікті бір айдан кейін ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында ерлі-зайыптыларды асқан қатыгездікпен өлтірген күдікті ақыры ұсталды. Ол қылмыс жасалған ауылдың тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Бір айдан кейін ұсталған 26 жастағы сезікті жасаған қылмысын толығымен мойындаған. Үйінен қылмыс құралы ретінде балтасы да табылған. Алайда ол ауылдастарын не себепті өлтіргенін ашып айтпай отыр. Оның барысы тергеу барысында анықталады,- дейді полицейлер.

  Еске салайық, 13 ақпан күні Мақтарал ауданында орын алған қылмыс жұрттың жағасын ұстатқан болатын. Алмалы ауылында белгісіз біреулер ерлі-зайыптыларды балтамен азаптап өлтіріп, мәйіттерін  көшенің бойына тастап кеткен. Кейіннен полицейлер марқұмдардың ерлі-зайыптылар екенін анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған күдікті Мақтарал ауданындағы уақытша ұстау оқшаулағышында қамауда отыр. 

Соңғы жаңалықтар