ОҚО-да  еңбек өтілі 600 жылды құрайтын ұстаздар әулеті өмір сүреді
2017 жылғы 21 ақпан 20:03

ОҚО-да еңбек өтілі 600 жылды құрайтын ұстаздар әулеті өмір сүреді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында еңбек өтілі 600 жылды құрайтын ұстаздар династиясы өмір сүреді. Ұзтаздар отбасымен таяуда Ордабасы ауданына ұйымдастырылған арнайы пресс-тур кезінде журналистер қауымы танысты, -деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

nullnullnull
Ордабасы ауданы Бөржар ауылында тұратын Ысқақтар әулетінің 20 шақты мүшесі мұғалімдікті меңгерген. Оның бірі ҚазССР-на еңбегі сіңген мектеп мұғалімі, Еңбек Қызыл ту орденінің иегері, ҚазССР-нің халық ағарту үздігі төс белгісінің иесі Сұлтан Ысқақ болса, оның ұлы Әбдіқайым Ысқақ та осы саланы меңгеріпті. Ал Әбдіқайым Ысқақтан тараған алты ұл мен үш қыздың бесеуі де ағарту жолында еңбек еткен. Олар - Әкім Ысқақ, Әбдікәрім Ысқақ, Гүлжан Ысқақ, Гүлмира Ысқақ және Гүлсара Ысқақ. Бес перзенті ұстаздық жолын таңдаған қарияның 5 келіні де мұғалімдікті кәсіп етті. Мұнан бөлек, бүгінде 7 немересі педагогика саласын меңгеріп, ата жолын қуып жүр.
nullnull

Ысқақтар әулетінің қариясы, қырық жылға жуық жұмыс өтілі бар Әбдіқайым Сұлтанұлының айтуынша, шәкірт тәрбиелеп, оның үлкен азамат болып қалыптасуын көру, жетістігіне куә болу - ұстаз үшін ұлы бақыт. Кезінде әкенің салып кеткен сара жолымен жүріп, оған өзінен тараған ұрпақты да баулып жүрген ақсақал ұстаздық жолында әкесі сынды мектеп директоры қызметін де бірге атқарған.
nullnullnull

Jańalyqtar

MURAǴAT