+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ОҚО-да ең жүйрік әскери қызметші анықталды

2017 жылғы 14 ақпан 12:40
Бөлісіңіз:
ОҚО-да ең жүйрік әскери қызметші анықталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті әскери басқарма қызметкерлері арасында алғаш рет физикалық дайындығы бойынша норматив тапсыру өтті. Өңірдегі ең жүйрік әскери қызметші анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Шымкенттегі 10216 әскери бөлімінде өткен сынақтарға ОҚО Қорғаныс істері департаментіне қарасты қала-аудандардағы офицерлік және сержант-қатардағы жауынгерлер құрамы қатысты. Бұған дейін әскери қызметшілердің физикалық дайындығы мен шыдамдылығын анықтайтын нормативті тапсырулар әр қала аудандарда өткізілетін.
null null

«Қазақстан Респулбикасындағы Қорғаныс істері қызметі жергілікті халықпен жұмыс істейтін әскери қызметшілерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан да жеке құраммен аптасына 3 рет спортпен шұғылданып, дайындығымызды пысықтаймыз. Нәтижелі болғанын қадағалаймыз. Енді бүгінгі сынақтар арқылы әскери қызметшілердің қандай дайындықта екенін біліп, көз жеткіздік»,-дейді ОҚО Қорғаныс істері департаментінің бастығы Талғат Әліқұлов.

Департамент бастығының сөзінше келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери құрам бұдан өзге қатардағы дайындық, радиациялық -химиялық және бактерологиялық қорғаныс, сондай-ақ мемлекеттік құқықтық және шұғыл дайындық бойынша тұрақты түрде сынақтан өтіп тұрады.

Айта кетейік, сынақтар қортындысы бойынша ең жүйрік әскери болып ОҚО Қорғаныс істері департаментінің бөлімше командирі, кіші сержант Пілалов Бауыржан Атабекұлы танылды.

null null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT