Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 23 °С
Алматы: 15 °С
USD 328.95 EUR 386.38
RUB 5.27 CNY 51.50
Жаңалықтар

ОҚО-да Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі ашылды

2018 жылғы 15 ақпан 14:49 1159
Бөлісіңіз:
ОҚО-да Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі кешен көрмесі ашылды. 

ОҚО-да Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі ашылды

Мемлекет басшысының тәуелсіз Қазақстан елінің қалыптасуындағы шешуші рөлін жан-жақты көрсету мақсатында ұйымдастырылған көрмеде оңтүстікқазақстандықтар назарына Елбасы кітапханасының архив, кітап, музей қорларынан алынған материалдар ұсынылды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі. Көрменің ашылу салтанатына ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы - «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» ММ-нің директорының міндетін атқарушы  Махмұт Қасымбеков пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев пен облыс зиялылары мен жастары, БАҚ өкілдері қатысты.

ОҚО-да Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі ашылды 

Шарада сөз алған Махмұт Қасымбеков көрмені шырайлы Шымкент қаласында өткізу кездейсоқ емес екенін атап өтті.

ОҚО-да Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі ашылды 

«Өкінішке орай, еліміздің шет өңірлеріндегі тұрғындардың осы көрмені тамашалауға мүмкіншілігі жоқ. Соған байланысты біздер былтырғы жылдан бері музейдің көшпелі көрмесін ұйымдастырып жатырмыз. Міне бүгін халқы жиі шоғырланған, 3 млн-ға жуық тұрғыны бар облысқа алып келдік. Бұл  көрменің құрамында өте сирек кездесетін экспонаттар бар. Өнердің әр түрлі туындылары бар. Олардың барлығын Елбасымызға кезінде шетел мемлекеттерінің, халықаралық ұйымдардың басшылары сыйға тартқан. Және көрменің ең бір құндылығы Елбасы өзі қол қойған тарихи құжаттар бар. Бұл көрменің аса бір құнды жәдігерлері Елбасымызға шетел мемлекет басшыларының жоралғы наградалары мен марапаттары, ордендерінің түпнұсқасы әкелінген»,- деді «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» ММ директоры Махмұт Қасымбеков.

ОҚО-да Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі ашылды 

Көрмеге Астанадағы Елбасы музейінен 800-ге жуық түпнұсқа қолжазба, суреттер және жеке заттары әкелінді. Көшпелі кешен көрмесі «Көшбасшы жолы», «Көшбасшы феномені», «Әлем таныған, Көшбасшы», «Елбасы мәртебесі - ел мәртебесі» атты төрт бөлімнен құралған. Ұйымдастырушылардың айтуынша,  алғаш рет Оңтүстік жұртшылығына Н.Ә. Назарбаевтың өзге елдің басшыларынан берілген жоғары мемлекеттік наградалары, қазақстандық авторлар және мемлекет басшылары тарту еткен қолтаңбасы бар кітаптар, Елбасының  шет тілдеріне аударылған кітаптары ұсынылып отыр.

ОҚО-да Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі ашылды 

Мазмұны мен деңгейі тұрғысынан аса маңызды іс-шараның Оңтүстік өңірінде өтуі үлкен мәртебе, әрі зор мақтаныш екенін айтқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жиналған қауымды кешенді жылжымалы көрменің ашылуымен құттықтап өтті.

ОҚО-да Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі ашылды 

«Мемлекет басшысы Қазақстан тарихындағы шешуші кезеңде еркіндік пен тәуелсіздікті аңсаған халықтың асыл арманын орындады. Еліміз әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты жақсарды. Бұл көрмеде қонақтар Ұлт Көшбасшысының осынау тағылымы мол еңбектерімен де таныса алады. Демек, бұл шараның тұрғындарға, әсіресе, еліміздің жастарына берері мол», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

ОҚО-да Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі ашылды 
ОҚО-да Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі ашылды 

Оңтүстік өңірінде бастау алған көшпелі көрме 2018 жылдың мамыр айына дейін жалғасатын болады. Жоба аясында халықаралық ғылыми конференция, аймақтық кәсіби сессия, шолу және тақырыптық экскурсиялар өтеді деп жоспарланып отыр. «Түркістан» концерт залында Президент оркестрінің концерті ұйымдастырылады деп күтілуде.

Сондай-ақ,  киелі Түркістан қаласында кездесулер және облыстың бірнеше оқу орындарында семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылады.  

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат