ОҚО-да ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында бірқатар ірі шаралар өтеді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында бірқатар ірі шаралар өтеді.

Өңірде қазақстандық шоу бизнес және «EXPOCUP - 2016» спорт жұлдыздары арасында гольф бойынша турнир, өлкелік туризмді дамыту үшін балалар үйі тәрбиеленушілеріне арналған ақпараттық тур, сондай-ақ халықаралық «SITF» форумы, түрлі флеш-мобтар өтеді. Бұдан басқа, «Болашақ энергиясына» арналған инновациялық жобалардың авторлары республикалық көрмеге шақырылады.

ОҚО-да көрмеге облыстан 200 мыңға жуық тұрғын барады. Бұдан басқа, қазір облыста ЭКСПО-ға қатысу үшін еріктілер іріктеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. 240 адамнан өтінім қабылданып, 10 адам ерікті құқығын алды. Биыл олардың барлығы арнайы оқыту тренингтеріне, халықаралық мамандардың қатысуымен курстарға қатысады.

ЭКСПО-2017 нысандарын салуға жергілікті өндірушілер тартылатыны атап өтіледі. Көрме кешені мердігерлік құрылыс ұйымдары мен отандық тауар өндірушілер арасында ынтымақтастық туралы 7 меморандумға қол қойылды. Мысалы, «Зерде-керамик» ЖШС компаниясы құрылыс алаңына керамикалық плита, «Стандарт Цемент» ЖШС - цемент, Кентау трансформатор зауыты да өз өнімін жеткізетін болады. Бірқатар компаниялар тоқыма мен жиһаз әкеледі.

Соңғы жаңалықтар