ОҚО-да екі жасөспірім террористік насихат жүргізгені үшін сотталған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында өткен  жылы екі жасөспірім әлеуметтік желіде террористік насихат жүргізгені үшін сотталған. 

 Екі іс бойынша да кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеті толығымен дәлелденіп, бірі 5, екіншісі 6 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Бұл туралы бүгін Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Сот төрағасының сөзінше  бес  жыл ішінде 2221 қылмыстық іс қаралып, 560 сот үкімі шығарылған.  Жасөспірімдердің  басым көпшілігі ұрлау, тонау, қарақшылық сияқты дүниеқорлық қылмыстарға ұрынған.

«Қылмыстың заты ретінде көбінесе ұялы телефондар, ойын компьютерлері, ақша, киім-кешектер жатады.  Жасөспірімдер мұндай қылмыстарды әдетте екі-үш адам болып, топ болып жасап, жәбірленушіге күш көрсетіп немесе күш көрсетемін деп қорқытып жасағандықтан, олардың әрекеттері ауыр қылмыс ретінде дәрежеленеді. Кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруының негізгі себептері, жасөспірімдердің белгілі бір іспен шұғылданбауы, тұрмыстық және материалды сипаттағы проблемалар, ата-аналары мен оқу орындары тарпынан бақылауды тиісті деңгейде орнатпауы болып отыр»,-деді С. Төлепбергенов.

Аталған  сотпен педофилдерге қатысты 17 іс қаралыпты. Қылмыстың бұл түрі бойынша жылдан жылға өсім байқалады,- дейді С. Төлепбергенов.   Көп азаматтар болған оқиғаны ішкі істер органдарына хабарламайды екен.

«Бір оқиғада кішкентай қыз дүкенге  нан алуға барады да, қысқа белдемше киіп алған сатушы 28-дегі жігіт оның  жамбасынан ұстайды. Ал, көкірегінен ұстағанда қолын қағып жібереді. Ол үйіне келіп жылайды. Мән-жайды білген анасы сол жігітке барады да, қыздан кешірім сұра деп айтады. Кейіннен ол арызданып, ішкі істер қызметкерлеріне барады. Тергеушілер  дүкендегі видеокамерасынан қараған кезде жігіттің анайы әрекеттер жасағаны көрінген. Сол жігіт бес жылға бас бостандығынан айырылды»,-дейді сот төрағасы.

Сот төрағасының айтуынша, ондай жағдайлар бойынша азаматтар арыздана бермейді, кешіріммен қарай салады. Алайда қазір заң бойынша кешірім ескеріле бермейді. Мәселен, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау  қылмыстары бойынша  қаралған 8 іс бойынша жәбірленуші тараптың кешірім беруіне қарамастан  айыпталушылар  түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылған. Яғни, 2012 жылдан бастап кешірім беру жаза тағайындауға  әсер етпейді.

null 

Соңғы жаңалықтар