ОҚО-да екі адам терроризимді насихаттаған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан қаласы мен Сайрам ауданында діни радикалдық аудио және бейнежазбаларды таратқаны үшін 2 азамат ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ОҚО ІІД және ОҚО бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Түркістан қаласы мен Сайрам ауданында діни радикалдық мазмұндағы аудио, видеожазбаларды таратқаны үшін 1990 және 1995 жылы туған 2 азаматты ұстады. ОҚО ІІД-де терроризмді насихаттау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Департаменттің Тергеу басқармасы қажетті барлық тергеу іс-шараларын жүргізуде», - делінген хабарламада.

Күдіктілер қамауға алынды. 

Соңғы жаңалықтар