ОҚО-да денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Мұқан Егізбаев тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа басшыны таныстырған облыс әкімі Ж.Түймебаев біліктілігі жоғары және медицина ғылымдарының докторы Мұқан Кеңесбекұлына алдағы жұмысына сәттілік тілеп, денсаулық сақтау саласының дамуы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар ретін міндеттеді.

«Ең бастысы, халыққа медициналық көмектің уақытылы және сапалы көрсетілу қызметін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, ана мен бала өлімін азайту бағытындағы жұмыстарды жетілдіріп, баланың даму деңгейін арттыруды қолға алу керек. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының өңірде сапалы әрі тиісті мерзімінде орындалуы қажет», - деді әкім.  

Мұқан Кеңесбекұлы 1962 жылы дүниеге білімі жоғары, мамандығы педиатр-дәрігер, экономист, жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1987 жылы Шымкент қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігер-ординаторы болып бастаған.

Ал 1988-2008 жылдары Шымкент қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі, бас дәрігері, облыстық дерматовенерологиялық диспансерінің бас дәрігері, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері қызметтерін атқарған.

2008 жылғы қыркүйек айынан бастап облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып еңбек етіп келеді.

 

Соңғы жаңалықтар