ОҚО-да демалыс күндері 5 жол апаты болып, 4 адам қаза тапты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында  демалыс күндері  5 жол апаты болып, 4  адам қаза тапты. Тағы 3 адам түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы-Ташкент-Термез автожолында «Ауди В4» автокөлігінің  41 жастағы жүргізушісі рульді  игере алмай, қоршаумен соқтығысқан. Салдарынан көліктің ішіндегі ауыр соққыдан жарақат алған 38 және 44 жастағы екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Ал, жүргізуші аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда жүргізушінің үстінен Қылмыстық кодекстің 345 бабы  «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану  қағидаларын бұзуы»  бойынша іс қозғалып,  сотқа дейінгі  тергеу амалдары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар