ОҚО-да дәрігерлер суицид жасаған екі жасөспірімді аман алып қалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер суицидке барған екі жасөспірімді аман алып қалды. Өмірімен қош айтқысы келгендер Арыс ауданы мен Шымкент қаласында тұратын мектеп оқушылары болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 16-шы сәуір күні Арыс аудандық ауруханасына уыстап дәрі ішкен жасөспірім қыз түскен. Оның жағдайы ауыр халде болған әрі есінен танып қалған екен. Дәрігерлер оған тез арада алғашқы медициналық көмек көрсетіп, асқазанын шайған. Қажетті ем-дом жасалған соң, қыз баланың беті бері қараған. Қазір ол аурухана төсегіне таңылып, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Ал, суицид жасаған екінші жасөспірім 10-сынып оқушысы. Оны 15 сәуір күні ұлының асылып тұрғанын байқап қалған ата-анасы дереу жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген балаға тиісті емдік шаралар жасалып, дәрігерлер жеткіншекті аман алып қалды. Мамандардың сөзінше, қазір жасөспірімнің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдайы жақсарған оқушы бүгін үйіне шығарылды. Онымен енді психологтар жұмыс істейтін болады.

Соңғы жаңалықтар