ОҚО-да букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалды. Күдіктілер кеңсе қызметшісін қорқытып, кассадан 100 мың теңге сомасындағы ақшаны алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған қылмыс туралы аудандық ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғындардың бірі арызданған. Қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі полицейлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылып, осы жәйтке қатысы бар деген күдікпен үш тұрғын ұсталды. Тергеу кезінде сезіктілердің осындай тағы екі қылмысқа қатысы барлығы анықталды.

Айтуларынша, олар кеңсе басшыларының қамсыздығын және күзеттің жоқтығын пайдаланып, ішке кіріп отырған. Сөйтіп ондағы қызметкерлерге қару кезеніп, күш қолдану арқылы ақшаларын алып кеткен. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар