ОҚО-да бір отбасы мүшелеріне иіс тиіп уланып, әйел адам көз жұмды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түлкібас ауданындағы түгелдей бір отбасы иіс тиіп уланып қалды, деп хабарлады облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Рысқұлов ауылдық округінде газбен жұмыс істейтін пештің ақаулығы салдарына үш адамнан тұратын отбасының мүшелері иіс тиіп уланған.

«1988 жылғы анасы жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмды, ал оның 2009 жылы туған ұлы мен 2010 жылы дүниеге келген қызы аудандық орталық а уруханаға жеткізілді», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

ТЖД қызметкерлері бұл қараша айында орын алған осындай екінші жағдай екенін айтады. Бұған дейін бес адам зардап шегіп, екеуі көз жұмған. Құтқарушылар тұрғындардан газ пештері мен жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауларын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар