ОҚО-да бір отар қойды ұрлап, сойып сатқан барымташылар ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда бір отар қойды ұрлағандар ұсталды. Барымташылар қылмысын 8 наурыз күні жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Отырар аудандық ІІБ кезекші бөліміне Маяқұм ауылының  тұрғыны арызданған. Оның сөзінше, түнгі уақытта белгісіз біреулер келіп, қорасындағы 29 қойын қолды етіпті. Оқиға орнына барған полицейлер жәбірленушіге жалпы сомасы жарты миллион теңгеден астам залал келгенін анықтаған. Жедел іздестіру шаралары кезінде 23 және 25 жастағы жергілікті тұрғындар қолға түсті. Жауап алу барысында қос күдікті де өз кінәларын мойындады. Олар ұрланған малдарды сойып, етін базарларға өткізіп жіберген. Полицейлер айғақты зат ретінде терілер мен бірнеше келі ет тәркілеген. Қазіргі таңда полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің  «Ұрлық» бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде 

Соңғы жаңалықтар