ОҚО-да бір айдан бері із-түзсіз жоғалған адамның мәйіті судан табылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында бір айдан астам уақыт бұрын із-түзсіз жоғалған адамның мәйіті  судан табылды. 

Ордабасы ауданына қарасты Ықылас-Темір ауылының тұрғындары ер азаматтың  мүрдесін Теспе өзенінен алып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауыл тұрғындары ер азаматтың мәйітін  24 желтоқсан күні 18.00-дер шамасында тауып алған. Оны 4 тұрғын мен 10 полиция қызметкері 2 арнайы техниканың көмегімен судан шығарды. Белгілі болғандай, марқұмның 68 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Ол осы жылдың 19 қарашасында жоғалып кеткен. Ал қандай жағдайда суға батқаны белгісіз күйінде қалып отыр. Қазіргі таңда Ордабасы аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері жұмбақ өлімнің себебін анықтауда.

Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері 33 адам суға батып кеткен. Олардың 18-і кәмелет  жасына толмағандар болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар