ОҚО-да білім саласын бақылау департаментінің экс-басшысына 50 млн. теңгеден астам айыппұл салынды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-ның білім саласын бақылау департаментінің басшысына пара алғаны үшін 50 млн. теңгеден астам айыппұл алынды.

ОҚО-ның білім саласын бақылау департаментінің басшысы Шымкент қаласындағы әл-Фараби атындағы аудандық сотының шешімімен 51,6 млн. теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

А.Жақсыбеков ҚР ҚК-нің 366-бабы бойынша (пара алу) айыпты деп танылды, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ОҚО департаментінің баспасөз қызметінен. Бұдан басқа, сот бұрынғы шенеуніктің мүлкін тәркілеп, өмірінің соңына дейін мемлекеттік органдарға қызметке орналасу құқығынан айыруды қаулы етті. Департаменттің бұрынғы басшысы биылғы жылдың ақпан айында өзінің кабинетінде осы ведомствоның бөлім бастығынан 860 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталған. Бұл ақшаны қалалық мектептердің бірінің мұғалімдері жинап берген, департамент бастығы сол мектептің аттестациялануы мәселесін оң шешіп беруі тиіс еді.

Соңғы жаңалықтар