ОҚО-да асылып қалған полицейге қатысты тың деректер шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы жалдамалы пәтерде асылып қалған полицей оқиғасына қатысты ІІД ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1993 жылы туған полицей құзырлы органда 2011 жылдан бері қызмет атқарған. Ол ҚР ІІМ қарасты жоғары оқу орнын бітірген соң, Ордабасы ауданына жұмысқа келген. Аталған ауданда жергілікті полиция қызметі кәмелет жасына толмағандармен жұмыс істеу бөлімінің инспекторы болып қызмет атқарған.  Ол тәртібі нашар полицей ретінде есепте тұрған. Мамырдың 14-і күні  ЖПҚ инспекторы жиналысқа мас болып келген. Сараптама қортындысы да полицейдің қан құрамында алкогольдің бар екендігін растаған.  Аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметі басшылығы инспектордың туыстарына арнайы түсіндіру хатын жолдайды»,- делінген мәлідме хабарламасында.

Естеріңізге салайық, қайғылы жағдай 17 мамырда болған еді. Қызметтік киімде аға лейтенант Нариман Назаровтың болған өлі денесі өзі тұрып жатқан жалдамалы пәтерден табылды.

Бұл жағдайға байланысты облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар