ОҚО-да Астана күні қарсаңында 20 нысан пайдалануға беріледі

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Астананың 20 жылдығына - 20 нысан» акциясы басталды. Аталған мереке қарсаңында облыста әлеуметтік және кәсіпорын сынды 20 нысан ашылып, ел игілігіне беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция аясында Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан «Шымкент Темір» ЖШС-ның болат құю зауыты іске қосылады. Жалпы құны 4,2 млрд теңге болатын кәсіпорын жылына 240 мың тонна өнім шығарады. Өндіріс орны іске қосылғанда 150 азамат жұмыспен қамтылмақ.

nullСонымен қатар, Шымкентте ұлттық теннис орталығы, зообақтың «Сафари» бөлігі мен Астана даңғылының бойында гүлзардың ашылу рәсімі өтеді. Бұдан басқа мерейтой қарсаңында ел игілігі үшін облыс аумағында 4 балабақша, Шардара ауданында 10 пәтерлі екі қызметтік тұрғын үй мен Төле би ауданында 20 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй, ал Бәйдібек ауданында 1 пәтерлі 20 коммуналдық тұрғын үй құрылысы пайдалануға беріледі.

null1-6 шілде аралығында Түркістан қаласында «Яссы құс» шаруа қожалығының екінші кезеңі, сыйымдылығы 200 тонна болатын көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын сервистік орталық ашылады.

Астана қаласының 20 жылдығына 20 нысан акциясы барысында 200 орындық мәдениет үйі мен 600 орындық мектеп, 60 балаға шақталған «Ақкен» емдеу-сауықтыру лагері және спорт нысандары мен демалыс орындар ел игілігіне тапсырлады. 

Соңғы жаңалықтар