ОҚО-да ана мен бала өлімі азайып келеді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында нәрестелердің өлім-жітім көрсеткіші өткен жылы 3,4 пайызға төмендеген. Ал, ана өлімі 34,1 пайызға азайып, республикада 5-орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың сөзінше, өткен жылы өңірде бюджет есебінен 33 емдеу мекемесі салынған. Атап айтқанда, Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасы мен облыстық онкологиялық диспансерінің корпусы, аудандық емхана мен 7 дәрігерлік амбулатория бой көтерген. Сондай-ақ 18 фельдшерлік-акушерлік және 5 медициналық пункт пайдалануға берілді. Бұдан бөлек құрастырылмалы-қаңқалы модульдік конструкция әдісімен салынған 20 медициналық тірек сатып алынды.

«2017 жылы 4 емхананың құрылысы басталып, бүгінде жұмыс жүргізілуде. Олардың қатарында үш бірдей 500 адамдық Ақсукент, Жетісай және Кентау қалалық емханаларының құрылысы, сонымен қатар, 250 науқасқа шақталған Мақтарал аудандық Мырзакент емханасын айтуға болады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Шымкент қаласында №10 Қайтпас емханасының құрылысы басталып, Біркөлік, Ақсу-Жабағылы санаторийлері сенімгерлік басқаруға берілді», - деді Мұқан Кеңесбекұлы.

null 

Басқарма басшының айтуынша, кезексіз емхананы жетілдіру мақсатында 23 медициналық ұйымға электрондық кезек таблосы орнатылған. Бұл жүйемен 2018 жылы өңірдегі барлық емханалар қамтамасыз етілетін болады. Шұғыл әрекет ету мақсатында SOS жүйелері 17 медициналық ұйымға енгізілді. Бұл бағдарлама пациенттің, посттағы мейірбикенің, кезекші дәрігердің қажетті маманды 1 минут ішінде шұғыл шақырып алуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 35 медициналық ұйым кешенді ақпараттық жүйеге қосылған. Алдағы уақытта өңірде емхана, аурухана және жедел медициналық көмек қызметінің біріктірілген ақпараттық жүйесі енгізіліп, бірыңғай ситуациялық орталық ашылады деп жоспарланып отыр.

null 

Соңғы жаңалықтар