ОҚО-да ана мен бала өлім-жітімі азайып келеді

None
None
АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - Соңғы 5 айдың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында аналар өлім-жітімі 37 пайызға, сәбилер өлімі 16 пайызға төмендеді.

12 мыңнан астам медицина қызметкері кәсіби біліктіліктерін жетілдіріп, білімдерін шыңдады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Тоқтала кететін жайт, Шымкентте ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесіне арналған жиында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған шаруалар мен «Дипломмен ауылға» бағдарламасының нәтижесі туралы да кеңінен баяндалған болатын. «Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында адам өмірі мен денсаулығы басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылып отырғаны белгілі. Соңғы үш жылда 184 медицина мекемесі салынып, мамандар тапшылығы үш есеге азайды. Оңтүстік Корея, Ресей, Израиль мемлекеттерінің медициналық орталықтарымен тәжірибе алмасу жақсарып келеді. Жиында үздік дәрігерлер мен медбикелерге Денсаулық сақтау министрлігінің, жергілікті әкімдіктердің төсбелгілері мен Құрмет грамоталары табысталды», - делінген баспасөз баянында.

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Исмайыловтың айтуынша, биыл өңірлер арасында алғашқы рет Шымкенттегі жедел жәрдем ауруханасында трансплантология саласындағы операциялар басталады. 2015 жылы ОҚО тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын 70 жасқа жеткізу көзделіп отыр. 2012 жылдың нәтижесі бойынша, көрсеткіш орташа республикалық көрсеткіштен жоғары болып, 69,9 жасты құрады.

Соңғы жаңалықтар