ОҚО-да алғаш рет қолданысқа енген энергия қуаттарының электронды картасы таныстырылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында  алғаш рет  энергия қуаттарының электронды картасы таныстырылды. Жаңадан қолданысқа енген карта әрбір қала, аудан мен ауылдың энергетикалық әлеуеті жайлы ақпарат береді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null
Оңтүстік Қазақстан облысында Кәсіпкерлік палатасында өткен жиынға аудандық филиалдардың директорлары қатысты. Олар еркін энергия қуаттары электронды картасының қызметімен танысты. Бағдарды кез келген жерге алып барсаңыз болды, ол жерде энергия қуаты резервінің бар-жоғын білуге болады. Сондай-ақ санаулы уақыт ішінде сол орында желіге қосылу мүмкіндігінің бар-жоғынан хабар беріп, ол қуаттардың жаңа өндірістер салуға мүмкіндігін анықтайды. Осылайша, салуға жоспарланған нысандардың, сонымен бірге әдеттегі тұрғын үйдің  орнын дұрыс анықтауға мүмкіндік туып отыр. Сала мамандарының сөзінше, электронды жүйедегі ақпарат сағат сайын  жаңарып отырады. 
null 

«Күнделікті минут-минутына, секунд-секундына дейін бірдей мәлімет  жүреді. Мәселен, бізге ауданға кәсіпкер келсе, біз оның сұрағанын электрондық карта арқылы көріп береміз.  Қайсы нысанда бос қуаттың бар жоғын, нақты қанша киловатт екені жөнінде көшірмесін  жасап, қолына шығарып берсек те болады. Сол мәліметпен ол «Оңтүстік жарық» компаниясына барып, қажетті құжаттарын өткізе алады», - дейді облыстық Кәсіпкерлік палатасы бастығының орынбасары Тимур Нақыпбеков.
null 

Бұл жаңалық зауыт немесе кішігірім цех салуды, басқа да өндірісті іске қосуды ойластырған кәсіпкердің жұмысын едәуір жеңілдететіні белгілі. Елімізде алғаш рет қолданысқа енгізілен энергия қуаттарының электронды картасын өңірдің Кәсіпкерлер палатасы мен «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і жасап шығарған болатын. 
null 

Соңғы жаңалықтар