ОҚО-да 7 жастағы бала тоққа түсіп қалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 7 жастағы бала тоққа түсіп қалды. Денесінің 35 пайызын күйік шалған жеткіншек шалғай ауданнан санавиацияның көмегімен облыс орталығына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс жағдай Сарыағаш ауданының Қызыләскер ауылында болған. Асылбек есімді жеткіншек ойнап жүріп, ауыл ішіндегі қоршаусыз тұрған трансформатордың ішіне кіріп кеткен. Сөйтіп баланы жоғары вольтті ток соғып құлаған. Үстіндегі киімдері өртеніп, беті мен басы, мойыны күйген. Екі қолы мен аяқтары да күйіктен қозғалмай қалыпты. Жеткіншекті туыстары алғашында аудандық аурухананың жансақтау бөліміне апарған. Алайда онда емдеу қиын болғандықтан бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

«Баланы 3-4 дәрежелі күйік шалған. Сүйекке дейін тері бұлшық ет сіңірге дейін күйіп қалған, жарамайды. Оның сол қолы жансызданып қалғандықтан, ота жасауға тура келеді»,-дейді аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаев.

Отбасында жалғыз бала қазір есін жиғанымен, мүгедек болып қалуы мүмкін. Ата-анасы қоршаусыз тұрған трансформатор бірнеше жылдан бері жұмыс істеп тұрғанын айтады. Енді қожайыны табылмай отыр екен. Полицияға арыз түсірген. Осылайша трансформатор иесін іздеп тауып сотқа бермекші.

Соңғы жаңалықтар