+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

ОҚО-да 7 жасар баланы ұру және зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

2018 жылғы 12 наурыз 23:44
Бөлісіңіз:
ОҚО-да 7 жасар баланы ұру және зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 7 жасар баланы ұру және зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында тіркелген.

«Сарыағаш ауданындағы жасы кәмелетке толмаған 7-жасар балаға қатысты мектеп оқушылары ұрғаны және зорланғаны жөніндегі дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен Сарыағаш аудандық ІІБ ПБ қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық істің тергеуіне қатысты қалған мәліметтер тергеу құпиясы болғандықтан, жариялануға жатпайды. Істің тергелуі ОҚО ІІД басшылығының жеке бақылауында», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде «Абай ауылындағы мектептердің бірінде 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлап келген» деген ақпарат тараған болатын. Жеткіншектің әжесі құзырлы органдарға арызданғанымен, бұл жайтқа қатысты тергеу шаралары жүргізілмегенін айтып шағымданған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT