USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

ОҚО-да 40 полицей марапатталды

2015 жылғы 2 желтоқсан 09:13
Бөлісіңіз:
ОҚО-да 40 полицей марапатталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күнінің құрметіне ОҚО 40 полицейі награда алды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері салтанатты шара барысында марапатталды.

ОҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Нұрәлі Қырғызәлиев ҚР ішкі істер министрінің атынан көп жылдық мінсіз қызметі, жедел әрекеті мен кәсібилігі үшін 20 полицейді марапаттады, департаменттің тағы 20 қызметкері ведомство басшысының атынан грамоталар мен алғыс хаттар алды.

«Елдің Тұңғыш Президентінің Қазақстан өміріндегі тарихи рөлі баршаға аян. Ол Қазақстан егемендігінің негізін қалады. Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен, оның сарабдал саясатының арқасында бірлікті, тыныштық пен қазақстандықтардың ұлтаралық келісімін нығайтқан ауқымды реформалар жүзеге асты», - деді өзінің құттықтау сөзінде ОҚО ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәкен Айтбеков.

Салтанатты шарада биыл құқық қорғау органының қызметкерлері жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгенін атап өтті. Кадрлық құрам кезекті аттестаттаудан өтті. ОҚО-да ауыр және аса ауыр қылмыстар деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік туып, департамент бөлімшелерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағдайы жақсарды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT