ОҚО-да 4 индустриалды аймақ iске қосылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оңтүстiк» индустриалды аймағы басқарушы компаниясының бас директоры М.Тұрабеков аймақтық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте облыста жалпы аумағы 592 гектарды құрайтын 7 индустриалды аймақтың iске қосылғанын мәлiмдедi.

Олар Шымкент, Түркiстан, Кентау қалалары мен Созақ, Қазығұрт, Мақтаарал аудандарында орналасқан. Сонымен бiрге, 384 гектар аумақты алып жатқан 4 индустриалды аймақ жыл соңына дейiн пайдалануға берiлетiнiн атап өттi. Нәтижесiнде облыстағы индустриалды аймақтар саны «Оңтүстiктi» қосқанда 11-ге жетпек. Бұл туралы «Оңтүстік қазақстан» газеті жазады.

М.Тұрабековтiң айтуынша, республика бойынша тұңғыш рет ашылған «Оңтүстiк» индустриалды аймағында бүгiнгi таңда өнiмiн шығарып жатқан 39 кәсiпорын бар. Онда 3089 адам жұмыс iстейдi. Ал, жалпы алғанда, мұнда 77,95 млрд. теңгенi құрайтын 80 инвестициялық жобаны жүзеге асыру қарастырылуда. Мәселен, биыл 656 адамды жұмыспен қамтамасыз ететiн, құны 4,9 млрд. теңге тұратын 17 инвестициялық жоба iске қосылмақ. Келесi жылы 2602 адамға тұрақты жұмыс көзi болатын 24 жобаны iске асыру көзделуде. Олардың жалпы құны 52,7 млрд. теңгенi құрайды.

Компания тарапынан «Тассай» деп аталатын тағы бiр индустриалды аймақты дамыту қолға алынуда. Мұнда негiзiнен фармацевтика, машина құрастыру, жиһаз жасау кәсiпорындары шоғырланады. Ал, «Бадам» қазақ-түрiк индустриалды аймағы машина жасау, металлургия кластерлерi бойынша өнiм шығаруға бағытталған. Жоғарыда аталған қос индустриалды аймақтың аумағы 292 гектарға тең. Инфрақұрылымдарының сметалық құны 3,3 млрд. теңге тұрады. Жобаларға жұмсалған 76,9 млрд. теңге - жеке инвестициялар. Баяндамашының мәлiмдеуiнше, «Тассай», «Бадам» индустриалды аймақтарының инфрақұрылымын жүргiзуге кеткен бюджеттiң 1 теңгесi тартылған жеке инвестициялардың есебiнен қазынаға 23 теңге пайда болып оралды. Сондай-ақ, ол инвестиция салуға қолайлы ету мақсатында өңiрiмiзде шағын және орта бизнестiң дамуына ерекше жағдай жасалғанын және келешекте барлық аудан, қалаларда индустриалды аймақтар ашылатынын атап өттi.

Брифинг соңында М.Тұрабеков журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берiп, пiкiр бөлiстi.

Соңғы жаңалықтар