ОҚО-да 20 мал ұрлығына қатысы болуы мүмкін қылмыстық топ мүшелері ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 20 мал ұрлығына қатысы болуы мүмкін қылмыстық топ өкілдері ұсталды. Бес адамнан құралған топтың жәбірленушілерге 5 млн теңгедей шығын келтіргені анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктілер қылмыстарын тек Мақтарал ауданында жасап келіпті. Топтың құрамында бұрын сотталып шыққан мүшесі бар болып шықты. Тергеу барысында олардың ұрлықты бір әдіспен жасап келгені анықталды. Далада қараусыз жайылып жүрген төрт түлікті көлікке тиеп, ешбір кедергісіз алып кетіп отырған. Мәселен, қаңтар айында Атакент кентінде күдіктілер 180 мың теңге болатын бұқаны қолды етеді. Артынша ұрланған малды сойып, етін жергілікті базарларға өткізген. Тапқан ақшаны ортадан бөліп, қажеттіліктеріне жаратып отырыпты. Күні бүгінге дейін бұл топтың 20 шақты ұрлық деректеріне қатыстылығы белгілі болды. Күдіктілерді ұстау барысында олардан ұрланған малдар да табылған. 
null 

Қазір сезіктілердің үстінен «Тонау» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Дәлел ретінде алынған заттар мен ұрланған малдар өз иелеріне қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар