ОҚО-да 150 дәрінің бағасы қымбаттамайтын болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда 150 дәрінің бағасы жыл соңына дейін көтерілмейді. Бүгін облыс әкімдігі мен Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ОҚО облысы бойынша департаменті, «Даму» ОҚО фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы препараттар бағасының өсуіне жол бермеуге бағытталған меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

 Облыс әкімдігінде өткен шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен  дәріхана ұйымдары тарапынан 40  фармацевтикалық ұйым басшылары қатысты.  Отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруші компаниялар мен шетелдік тауарлардың ресми дистрибьюторлары 100-ден аса  дәрілік заттың бағасын көтермеу жөнінде ортақ келісімге келді.  Бұл жолғы келісім облыстағы фармацевтік мекемелер мен дәріханаларда сатылатын дәрілік заттарды тұрақты бағада ұстауға, сонымен қатар бағаның негізсіз көтерілуінен тұтынушылар құқығын қорғау және әлеуметтік алаңдаушылықты болдырмауға арналды.

«Меморандумға  150 түрлі дәрі-дәрмек   енгізіліп отыр. Өйткені бұл дәрілердің әлеуметтік маңызы зор.  Осылайша біз облыс тұрғындарының басым бөлігіне қолдау көрсетеміз. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау білдіріп, келісімге қол қойып отырған дәріхана басшыларына оңтүстік жұртының атынан ризашылығымды білдіремін», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

null 

Жиында Фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің басшысы Ләззат Қашқымбаева ірі тасымалдаушы фирмалармен келісімшарттар жасалып жатқанына тоқталды. Дәріханалар желілерінің әлеуметтік жауапкершілігі турасында да атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.

Кездесуге қатысушылар тиісті меморандумға қол қою халық арасында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды қадам екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар