+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

ОҚО-да 15 жастағы жасөспірім полицейдің көлігін соғып кетті

2018 жылғы 14 мамыр 17:33
Бөлісіңіз:
ОҚО-да 15 жастағы жасөспірім полицейдің көлігін соғып кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім жол патрульдік полициясы мен жүк көліктерін соғып кетті. Облыстық полиция қызметкерлері осы оқиғаға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы 10 мамыр күні Сарыағаш ауданында болған. Әлеуметтік желіге тараған видеода жол патрульдік полициясының көлігі жүк машинасымен соқтығысып қалғаны түсірілген еді. Оны көргендер тәртіп сақшылары жол көлік оқиғасын жасаған деп ойлаған болатын. Алайда өңірдің ІІД баспасөз қызметі жол көлік оқиғасына жасөспірім кінәлі екенін жеткізді.

"15 жастағы жасөспірім рұқсатсыз ата-анасының Hyundai Starex көлігін мініп, жолға шығып кеткен. Бірақ рульге ие бола алмай, жүк көлігі мен жол патрульдік полициясының машинасын соққан. Қазіргі таңда бұл жағдай әкімшілік құқық бұзушылық тәртібімен қаралуда. Өйткені ешкім жарақат алмаған. Материалдық шығын өндіріледі», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT