ОҚО-да 11 полицей есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 11 полицей есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған. Оның біреуі Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты облыс бойынша басқармасының қызметкері. Бұл туралы бүгін облыс прокурорының бірінші орынбасары Қали Маматаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Прокурордың сөзінше, есірткі қылмысына қатысты қамалған 10 полицейдің 7-еуін облыстық ІІД-нің өзіндік қауіпсіздік қызметі басқармасы ұстаған. Өзгелерінің қылмыстық әрекеті ҰҚК қызметкерлері тарапынан тергелуде.

«Олардың қандай қылмыс жасағаны және сыбайластары жайында ақпарат сот үкімінен кейін белгілі болады»,- деді облыс прокурорының бірінші орынбасары.

Қадағалау органының өкілі сондай-ақ есірткіге қарсы күрес қылмысы бүгін облыстық прокуратурада өткен құқық қорғау органдарының кезекті Үйлестіру кеңесінде талқыланғанын айтады. Онда есірткі қылмыстарын ашуға байланысты ішкі істер қызметкерлерінің жұмысы сынға алынып отыр.
null

«Соңғы екі жыл көлемінде есірткіге қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың ашылу деңгейі жоқтың қасы, ашылмады десе де болады. Сондай-ақ тәркіленген есірткінің көлемі көбейген. Мәселен, алдыңғы жылдары есірткі заттарының салмағы 500 келіден асса, қазір сол 2,5 тонна болып отыр»,- деді Қали Маматаев.

Қазір құқық қорау органдарының өкілдері есірткі алқаптарын әуеден квадрокоптерлер мен ғарыштық байланыс арқылы бақылауға көшкен. Соның нәтижесінде облыстың Арыс, Шардара, Отырар аудандары аумағында есірткі шөптері егілген плантациялар көптеп табылыпты. Бұл ретте прокурор Арыс, Сырдария өзендерінің жағаларынан есірткі плантациялары көптеп анықталғанын айтады.

Соңғы жаңалықтар