ОҚО-да 11 индустриялық аймақ жұмыс істейді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 11 индустриялық аймақ жұмыс істейді.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде инфрақұрылымның құрылысы Түркістан, Шымкент және Созақ ауданының индустриялық аймақтарында жүргізілуде. Айта кетейік, индустриялық аймақ үшін ең көп жер - 337 га Шымкентте берілген. «Оңтүстік» индустриялық аймағында жалпы құны 73,7 млрд. теңгені құраған 71 инвестициялық жоба іске асырылуда. Іске қосылған соң онда 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылатыны күтіліп отыр. Қазіргі кезеңде 71 жобаның 35-сі іске асырылып, 2,8 мың адам тұрақты жұмысқа орналасады.

Баспасөз қызметінен аудандар мен қалалардың индустриялық аймақтарынан жалпы сомасы 71,5 млрд. теңгеге 79 жоба іске асырылып отырғанын атап өтеді. Бұл 8,5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл санның ішінде 12 жоба іске асырылып, 12 млрд. инвестицияны тартуға мүмкіндік берді.

Индустриялық-инновациялық әлеуетті дамыту бағдарламасы жұмысының 5 жылында 189 млрд. теңге көлемінде инвестициялар тартылып, 137 жоба іске асырылғаны хабарланып отыр, бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Соңғы жаңалықтар