ОҚО аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев аудан әкімінің есебіне күтпеген жерден кіріп келді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясовтың халық алдындағы есебі өтті. Жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев күтпеген жерден кіріп келіп, жұртты таңғалдырды. Аймақ басшысының келгеніне риза болған тұрғындар  өздерін толғандырған мәселелерін  жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Нұрлан Сауранбаев пен жергілікті тұрғындар, ардагерлер мен мәслихат депутаттары қатысқан жиында Ғалымжан Ілиясов 2017 атқарылған негізгі басымдықтарға тоқталып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстар барысын баян етті. Есептік жиында тұрғындардың басым бөлігі көпқабатты үйлердің ауласын жарықтандыру мен ойын алаңшаларын салу және кәріз жүйесі мен жол, жер телімі мәселесін көтерді. Халықтың сауалдары мен ұсыныстарын мұқият тыңдаған облыс әкімі көтеріліп жатқан мәселер кезең-кезеңімен шешімін табатынын айтып, қаладағы коммуналдық мәселелерді ретке келтіру үшін облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы жыл сайын артып келетінін жеткізді.
null

«Осында көтерілген проблеманың барлығы назарға алынып, тиісті жұмыстар атқарылатын болады. Өздеріңізге мәлім, бүгінде қала аумағына 70 мың гектар жер қосылып, Астана мен Алматы қалалары секілді көлемі ұлғайып отыр. Қала аумағы ұлғайған сайын коммуналдық мәселелердің артатыны да белгілі.  Ал барлық мәселе бірден шешіле қоймайды, оны білесіздер. Шаһар аумағын көріктендіріп, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық саласының жұмыстары жоспар бойынша істелініп жатыр. Алдағы уақытта қала аумағында 64 көше орташа жөндеуден өтетін болса, 36 көше күрделі жөнделеді. Ал онға жуық көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады»,- деді аймақ басшысы.
null

Бұдан бөлек, Жансейіт Түймебаев  аудан әкіміне тұрғындардан келіп түскен сауалдардың күрделілігіне байланысты  жіктеп, үш күндік, 1- 2 апталық және бір айлық мерзімдермен орындалуы туралы кесте әзірлеуді тапсырды. Мұны бір Еңбекші ауданына ғана емес, қаладағы өзге де аудан әкімдеріне жүктеп, олардың орындалуын облыс әкімі аппаратының инспекторлары  бақылайтынын атап өтті.

null

Соңғы жаңалықтар