ОҚО: Арыс қаласының әкімі кәсіпорындарды аралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Арыс қаласының әкімі кәсіпкерлердің шығарып жатқан өнімдерінің сапасымен және жұмысшылардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ел экономикасындағы қозғаушы күштердің бірі кәсіпкерлік екендігі белгілі. Бұл ретте аймақтың экономикасының дамуына арыстық кәсіпкерлер өздерінің қомақты үлестерін қосып келеді.

Осы орайда Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламаларының іске асу барысымен танысу мақсатында қаладағы бірқатар кәсіпкерлердің жұмыс орындарында болып, шығарылатын өнімнің сапасы мен ондағы жұмысшылардың жағдайымен танысты.

Атап айтқанда, «Арысшпалзаводы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тәулігіне 70 вагонға дейін техникалық қызмет көрсетеді, «Арай» ӨК аяқ киім шығаратын цех, тәулігіне 30 жұп аяқ киім тігіп шығарады, «ЖК А.Артықова» және «ЖК Т.Пернебаева» киім шеберханалары тапсырысқа сәйкес, әр түрлі санаттағы киімдер тігумен айналысса, «ЖК Б.Сарбасовтың» диірмені тәулігіне 120 тонна бидай өңдеп, ұн шығарып Қазақстанның барлық облыстарымен қатар Ауғанстан, Тәжікстан Республикаларына экспорттайды. Диірмен кешеніндегі наубайхана тәулігіне 3500-4000 дана бөлке нан шығарып, өңіріміздегі ең арзан нан 35 теңгеден халық игілігіне ұсынуда. Кәсіпкерлік нысандардың тыныс-тіршілігімен танысқан шаһар басшысы М.Қадырбек кәсіпкерлердің іскерлігіне алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

Соңғы жаңалықтар