ОҚО әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізілді - Елбасы Жарлығы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«ҚазАқпарат» ХАА оқырман назарына құжат мәтінін ұсынады.

***

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында мынадай:

1) Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жетісай қаласында болатын Жетісай ауданы, әкімшілік орталығы Мырзакент кентінде болатын Мақтаарал ауданы;

2) Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Сарыағаш қаласында болатын Сарыағаш ауданы, әкімшілік орталығы Абай ауылында болатын Келес ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының           

              Президенті                                                                        Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 5 маусым

 

              № 698

Соңғы жаңалықтар