ОҚО әкімінің жылдық есебі алғаш рет онлайн режімде көрсетілуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бүгін  2016 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беруде.

 Атқарылған жұмыстардың барысын әрбір аудан, қалалардағы әкімдіктерде жиналған 5 мыңнан астам жергілікті халық онлайн режімде тыңдауда, -деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Түркістан сарайында өтіп жатқан жиында әкім өткен жылы өңірдің экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жылдары іске асырылатын жұмыс жоспарлары туралы баяндауда.

Айта кетейік, өңір басшысының халық алдындағы жылдық есебі биыл алғаш рет онлайн режімде  көрсетілуде. Яғни, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ontustik.gov.kz сайты арқылы 3 миллионға жуық халқы бар күнгей тұрғындарына таратылуда. 

null  

Соңғы жаңалықтар