ОҚО әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен бұл қызметке Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды шетелге оқуға кетуіне байланысты өз өтініші бойынша жұмыстан босатылған еді. Өңірде қызмет атқарған жылдары ішіндегі жемісті жұмысы үшін Д.Сатыбалдыға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев алғысын білдіріп, оны «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Ал, бүгін аймақ басшысы жаңа орынбасарына өз саласындағы өзекті мәселелерге сараптама жасап, алда атқарылатын жұмыстар бойынша нақты іс-шара жоспарын жасауды тапсырды.

Айта кетейік, Әліпбек Өсербаев 1961 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі инженер, химик-технолог. Еңбек жолын 1983 жылы Қарағанды асбест-цемент өнімдерін шығаратын зауытының машинисті ретінде бастаған. 1986-2014 жылдары Түркістан қаласы құрылыс детальдары мен конструкциялары комбинаты зертханасының инженері, мастері, экономисті, цех бастығы, бас инженері, «Қуат Суиндустрия» АҚ, «KazakhConstruction Industry» АҚ Түркістан қаласы рудасыз материалдар комбинаты филиалдарының директоры, Түркістан қалалық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы, Түркістан қаласы құрылыс бөлімінің меңгерушісі, Кентау, Түркістан қалалары әкімдерінің орынбасары сияқты қызметтер атқарған.

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап осы тағайындауға дейін дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының әкімі болып қызмет етті.

Соңғы жаңалықтар