ОҚО әкімі Шымкенттегі құрылыс нысандарын аралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қала активімен танысқан өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең алдымен, облыс әкімі Тəуке хан даңғылының күрделі жөндеу жұмыстары мен Қапал батыр көшесіндегі көпірдің құрылысымен танысты.

Айта кетейік, бұған дейін хабарланғандай осыдан бір ай бұрын көпірдің бір жағы пайдалануға берілген болатын. 1 млрд. 142 млн. теңгеге бағаланған теміржол өткелінің бір бөлігіндегі құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған.

Сонымен қатар, облыс әкімі қаладағы салынып жатқан əлеуметтік тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын аралап көріп, «Shymkent-City жобасымен танысты. Жұмыстардың сапалы болуы қажеттігіне айрықша көңіл бөлген аймақ басшысы нысандардың сырт келбетіндегі сәніне де назар аудару керектігіне тоқталды.

Облыс орталығы Шымкент қаласын аралау барысында аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев жаңадан ашылған Жайлаукөл демалыс аймағында болды. Мұнда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінде биіктігі жағынан үшінші орынды алатын, ал Орталық Азия елдері бойынша ең биік аттракцион орналасқан.

Соңғы жаңалықтар