ОҚО әкімі Ақтөбеде қаза тапқан жауынгердің отбасына көңіл айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 маусымда 19 жастағы Шардара ауданының тұрғыны Сапар Еркінбекұлы Досбол Ақттөбе қаласында лаңкестермен болған атыс кезінде ерлікпен қаза тапты. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов марқұмның отбасына көңіл айтты.

«2016 жылғы 5 маусым күні Ақтөбе қаласында төтенше жағдай орын алды. Сол оқиғада Оңтүстіктің тумасы Сапар Досбол Еркінбекұлы ерлікпен қаза тапты. Ол өзіне жүктелген әскери міндетті адал, жоғарғы деңгейде атқарды.

Отан үшін оққа ұшқан Досбол бауырымыздың ерлігі біздің есімізде мәңгі сақталады. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына, жора-жолдастарына және күллі Оңтүстік жұртына қайғырып көңіл айтамын»,-делінген өңір басшысының көңіл айту хатында.

Соңғы жаңалықтар