ОҚО: 7 жастағы бала оқиғасы бойынша бірқатар полиция қызметкерлері жұмыстан кетуі мүмкін

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 7 жастағы бала оқиғасы бойынша жергілікті полицияның бірқатар қызметкерлері жұмыстан кетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында аймақ басшысы жағдайдың осыншама ушығып кетуіне жол бергендер жазасыз қалмайтынын атап өтті. Өрескел кемшіліктерге жол берген бірқатар шенеуніктер мен ішкі істер қызметкерлеріне шара қолданылатынын ескертті.

«Бұл оқиға бойынша атқарылатын шараларды құзырлы органдарға тапсырамыз, тағы да тексеру жүргізіледі. Өйткені сол ауданда, мектепте, білім, сондай-ақ құқыққорғау саласында болған кемшіліктердің бар екенін біз айқындап отырмыз»,- деді Жансейіт Түмебаев.

Алқалы мәжілісте облыстық ІІД бастығы Қайрат Дәлбеков осы оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, оның барысында бірқатар заңбұзушылықтарға жол берілгенін растады.

«Сарыағаш ауданында болған жағдай бойынша біз қазір қызметтік тексеру жүргізіп жатырмыз. Оқиға былтыр қыркүйек айында болған. 7 жасар баланың әжесі көрші балалардың ұрып, зорлық әрекеттер жасағаны жөнінде ауызша арызданған. Ішкі істер қызметкерлері бұл іс бойынша толық материал жинамаған. Баланың әжесі арыз жазбаған соң істі тоқтатқан. Бұл мәселелер тексеру барысында анықталды»,- деді жиында Облыстық ІІД бастығы Қайрат Ділбеков.

Өңірдің бас полицейі жиында осындай өрескел кемшіліктерге жол бергені үшін бірқатар полицейлердіі қызметінен шеттету туралы ұсыныс беріліп жатқанын атап өтті.

null   

«Қадағалау дұрыс деңгейде жүргізілмегені үшін облыстық жергілікті полицияның жасөспірімдерді қадағалау органның өкілі Бұралхиев қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Сарыағаш аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Бердалы Оразгелдиевті қызметінен босатуға, Абай жергілікті полиция қызметінің бастығы Әсет Ибрагимовты жұмыстан босатуға, мектеп инспекторын босатуға ұсыныс беремін»,- деді облыстық ІІД бастығы Қайрат Дәлбеков.

null null

Соңғы жаңалықтар