«ӨКМ операторының» қаржысы ауыл шаруашылығы техникасын несиелеуге жұмсалады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «ӨКМ операторының» қаржысы ауыл шаруашылығы техникасын несиелеуге жұмсалатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде, біз қазір Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының қаражатын пайдалана отырып, отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген кредит беру тетігін енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз»,- деді министр.

Сондай-ақ, ол қолданыстағы лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңарту жоспарда бар екенін айтты.

«2022 жылы осы бағдарламаны іске асыруға аралас көздерден 7 млрд теңге және 3,5 млрд теңге көзделген», - деді Қайырбек Өскенбаев.


Соңғы жаңалықтар