«ӨКМ Операторы» ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда.

Агентттік таратқан ақпаратқа қарағанда, қылмыстық іс аясында «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Мұхтарова Шынар Оралғазықызына 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге иеленді деген күдікпен іздеу жарияланды.

Аталмыш қаржы дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымы екені анықталды.

Шынар Мұхтароваға іздеу жарияланды және оған қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Егер сізде оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, Агенттіктің көрсетілген телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз: call-центр 1424

+7 (7172) 909 260

«Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар