ОКҚ-да «Нұрсұлтан Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер» атты халықаралық конференция өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында елордада «Нұрсұлтан Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер» халықаралық конференциясы өтті. Шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Хабар» агенттігі АҚ басқарма төрағасы, танымал қазақстандық журналист Ерлан Бекхожин модератор болды.

Конференцияның негізгі мақсаты – Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың заманауи қазақ мемлекетінің негізін қалаудағы рөлі мен Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларының жаһандық әрі тарихи кезеңдегі маңызын талқылау.

«Жаһандық ауқымдағы саясаткер» - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Он делает историю» атты кітабында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюындағы көрнекті рөлін атап өтіп, Нұрсұлтан Назарбаевты осылай атайды. Модератор онлайн-форматта өтіп жатқан халықаралық іс-шараны осы сөздермен бастап, қатысушылардың назарын конференцияның атауына аударды.


Шараға спикер ретінде ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Қайрат Мами, АӨСШК хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай, ҚР Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар Кеңесінің төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова, Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу, қоғам қайраткері Ермұхамет Ертісбаев сынды танымал қоғамдық-саяси қайраткерлер қатысты.

Онлайн-форматтағы конференцияға қатысушылардың қатарында әр жылдары мемлекет басшысы болған және әлемдік державалардың үкіметін басқарған, халықаралық ұйымдардың лауазымды қызметінде болған тұлғалар бар. Атап айтсақ, БҰҰ бұрынғы бас хатшысы, қазір Жасы дамудың жаһандық институтының президенті Пан Ги Мун, Еуропалық қайта құру және даму банкінің тұңғыш президенті Жак Аттали, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр, Түркияның экс-президенті Абдуллах Гюль, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс және ҰҚШҰ-ның (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы) бас хытшысы Станислав Зась.


Қатысушылар Тұңғыш Президенттің Қазақстан егемендігінің қалыптасуындағы, мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құрудағы және ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде елдің даму басымдықтарын айқындаудағы рөлі мен маңызын атап өтті. Спикерлердің айтуынша, тарихи өлшем бойынша қысқа мерзім ішінде Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік және экономикалық тұрақтылыққа негізделген табысты мемлекет құрып қана қоймай, жаһандық қауіпсіздік пен даму саласында бірқатар серпінді бастамалар көтерді. Халықаралық конференцияға қатысушылар сондай-ақ Елбасының Қазақстанның халықаралық байланыстарын жолға қою, көпвекторлы сыртқы саясаттың стратегиялық бағытын құру жөніндегі күш-жігері мен жетістіктерін, сыртқы саяси бастамаларды, олардың іске асырылу барысы мен қорытындыларын талқылады.


Конференция қатысушылары сөз барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың өркениетаралық және конфессияаралық диалогты нығайту, бейбітшілік пен келісімнің, жастықтың, сұлулықтың, жасампаздықтың символына айналған Қазақстанның заманауи астанасын Еуразия орталығында салу жөніндегі жасампаз миссиясына ерекше көңіл бөлді.


Сондай-ақ, конференцияға Орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жетекші жоғары оқу орындарының отандық және шетелдік жетекші ғалымдары, сарапшылар, дипломаттар қатысты.


Соңғы жаңалықтар