Өкінішке қарай, біздің ұлттық тарихымызда жасық ойлар мен тұжырымдар қаптап жүр - М. Қойгелді

None
None
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Өкінішке қарай, біздің ұлттық тарихымызда жасық ойлар мен тұжырымдар қаптап жүр. Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы барысында тарих ғылымының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді осындай пікір білдірді.

«Мемлекеттік хатшы бүгін отандық тарихты зерттеу мен оқытудың іргелі мәселелерін қозғады деп санаймын. Ол тарихты зерттеудің методологиясымен бірге оның тілі де өзгеруі тиістігін айтты. Дұрыс қойылған мәселе. Сонымен қатар ұлт тарихын соңғы бес ғасырмен шектеу дұрыс еместігін, ұлттық тарихтың тамыры ар жақта жатқанын айтып, оған әлемдік контексте қарау, жасық ойлар мен жасық тұжырымдардан арылту қажеттігін алға тартты. Өкінішке қарай, біздің ұлттық тарихымызда жасық ойлар мен тұжырымдар қаптап жүр. Біз көп жағдайда ресейлік методологияға, еуроцентристік көзқарасқа тәуелді болып келдік. Мұндай ескі тұжырым, ұстаныммен біз жаңа тарихты жаза алмаймыз», - деді М. Қойгелді.

Оның айтуына қарағанда, жаңа тарихты жазу үшін жаңаша, тың әрі тәуелсіз ұстаным керек. «Тағы бір көңіл аударатын дүние - ұлттық тарих, мейлі ол зерттеу болсын, оқыту болсын, мемлекеттік мәртебеге лайық болуы керек. Яғни, лайықты дәрежеде зерттеліп, лайықты дәрежеде оқытылуы тиіс», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар