09:42 Шардара су қоймасының ортасында қалып қойған қайықтағы 3 турист құтқарылды ШАРДАРА. ҚазАқпарат - 101 телефонына Шардара су қоймасында демалушылардың қайықпен суға кетіп, қайта оралмағаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ ресми сайтына сілтеме жасап.
кеше 21:59 Абай облысында жағалауда қараусыз қалған жасөспірім суға батып кетті СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысы Бесқарағай ауданында жағалауда қараусыз қалған жасөспірім қыз суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 21:48 Құтқарушылар Алматы тауларында аяғын сындырып алған туристі құтқарды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Республикалық жедел-құтқару жасағы тауда аяғын сындырып алған ер адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 21:30 Қызылордада полицей суға батып бара жатқан жігітті құтқарды ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында полиция қызметкері суға батып бара жатқан ер азаматты құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 19:35 Ақтөбеде екі жасөспірім суға батып кетті АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында екі жасөспірім суға батып кетті. Олар тыйым салынған жерге суға шомылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 19:26 Алматы тауларында 4 турист жоғалып кетті АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Құтқарушылар Алматы тауларында жоғалып кеткен 4 туристі іздеп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
кеше 17:06 Тайландта 2 қазақстандық суға батып кетті: Мүрделерді жеткізу бойынша келіссөз жүруде АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайландта суға батып кеткен Қазақстанның 2 азаматының мүрдесін елге жеткізу үшін келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 16:20 Үндістанда салынып жатқан көпір тағы да опырылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Бихар қаласында Ганга өзенінде салынып жатқан төртжолақты Султангандж-Агуани Гхат көпірі құрылыс кезіндегі қателіктен опырылып құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Times of India-ға сілтеме жасап.
кеше 16:14 Қызылорда облысында 4 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында көпқабатты үйдің терезесінен төрт жасар қыз құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 14:09 Арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен ер адам Бұқтырмаға батып кетті ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен ер адам батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 14:00 Алаяқтар үш айда 500 адамның атынан кредит алған АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл үш айда қаржы ұйымдарында займ рәсімдеумен байланысты 500 алаяқтық фактісі тіркелді. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 13:48 Павлодар облысында көлік қаққан мүгедектігі бар кісі оқиға орнында көз жұмды АҚСУ. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Ақсу қаласында көлік қаққан жаяу жүргінші мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.
кеше 13:00 Алматыда полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып тастады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция қызметкері өз әріптесін атып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 12:32 Есік қаласында балабақшадағы бүлдіршінді ұрған жаттықтырушы жұмыстан шықты ЕСІК. ҚазАқпарат - Алматы облысында балабақша тәрбиеленушісін ұрған каратэ нұсқаушысы жұмыстан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 12:21 Елорданың екі ауданында су қысымы неге төмендеп кеткені белгілі болды АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорданың Есіл мен Нұра аудандарында су қысымының төмендеуіне құбырдың зақымдануы себеп болды. Бұл жайына «Астана су арнасы» мекемесінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 12:10 Алматыда полицей шетелдік әйелді итеріп, жерге құлатты АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полицей қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдік әйелді итеріп, құлатып жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 09:44 Абай облысының ормандарында биыл 13 өрт болды СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында биылғы өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері ормандарда 13 рет өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 08:45 Таиланд ауруханасында ес-түссіз жатқан қазақстандық турист көз жұмды АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландта комада жатқан қазақстандық қайтыс болды. Бұл жайында оның әпкесі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
кеше 08:34 Қытайдың оңтүстік-батысында тау опырылып, 19 адам қаза тапты БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Лешань қаласында тау опырылып, салдарынан 19 адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.06.2023 21:31 Семейдегі аспалы көпірде көлік терезесінен шығып видео түсірген түлектерге айыппұл салынды СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында аспалы көпірде көлік терезесінен шығып видео түсірген түлектер жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.