«Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырында жөндеу жұмыстары басталады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 13 қыркүйек күні Маңғыстау облысында магистралды газ құбырының «Бейнеу-Жаңаөзен» бөлігінде жоспарлы жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құбырлардың тозығы жеткендіктен, оларды ауыстыру қажеттілігі туындады.

«Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырында күрделі жөндеу жұмыстары 14 күнге созылады.

Аталған жөндеу жұмыстары тұрғындарға еш әсерін тигізбейді. Ақтау қаласы тұтынушыларына, оның ішінде «МАЭК-ҚазАтомӨндірісі» ЖШС-не қажетті табиғи газ Түрікменстан Республикасы тарапынан «Бегдаш» өлшем торабы арқылы қамтамасыз етіледі.

Соңғы жаңалықтар