Оқ-дәрі қоймаларына тақау салынған нысандар сүріледі - Қорғаныс министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оқ-дәрі қоймаларына тақау салынған жекеменшік нысандар сүріледі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Бақыт Құрманбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарулы күштердің өзге де әскерлер мен әскери құрамалардың арсеналдар, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аумақтар мен аудандар мәселелері жөніндегі қабылданған түзетулерге сәйкес, оқ-дәрі қоймалары төңірегіндегі аумақ ұлғайтылды. Онда ешқандай жекеменшік құрылыс нысаны болмауы тиіс», - деді Бақыт Құрманбаев БАҚ өкілдерімен кездесуі барысында.

Сонымен қатар ол оқ-дәрі қоймаларына тақау салынған құрылыс нысандарының барлығы сүрілетіндігін айтты.

«Осыған байланысты бүгінгі күні ұлғайтылған аумақта салынған нысандарды сүру және олардың иелелеріне өтемақы төлеу қарастырылып отыр», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар