Өгей шешенің қолынан қаза тапқан баланың туған анасы қайғысымен бөлісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Полицейлердің алдын ала нұсқасы бойынша, өгей шешесінің ұйымдастыруымен өлтірілген оқушы бала Өркен Азаматұлының туған анасы Айжан Қадырмолданова Facebook-тегі өз парақшасында ұлы неліктен өзімен бірге тұрмағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Саламатсыздар ма, құрметті қазақстандықтар! Екі ай бұрын әрбір әйел үшін ең қымбат жаннан айырылдым. Мен өз ұлымнан көз жазып қалдым. Кеудемнен жүрегімді жұлып алып, майда бөлшектерге бөліп тастаған сыңайлы. Барлық әлеуметтік желілерде «баланың шешесі қайда?» деп сұрағанын білемін. Бұл туралы жазу маған өте қиын, не дегенмен, жазуға бел будым. Тағдырдың жазуымен Өркеннің әкесімен бала бір жастан асқан кезде ажырасып кеттік. Ұлымды тәрибелеуге ата-анам көмектесті. Балапанымды бағып-қағу үшін жұмыс істедім, әкесінен ешбір алимент алмадық.

Ұлым үшін оның әкесіне сатқындық пен өкіпемді кешірдім. Олардың араласып тұруына кедергі келтірген емеспін. Біз бірге болмасақ та, оны екеуіміз де жақсы көретінімізді ылғи айтатынмын.

Оның әкесі некеміз бұзылғаннан кейін бірден қайта үйленді. Жылдар өтті, ұлымыз сегізге толды. Мен өз әкемді ақтық сапарға шығарып салдым, ол мен үшін және Өркен үшін ең қымбат жан болатын. Көп ойлана келе, жеті жылдан кейін тұрмыс құрдым.

Екінші рет тұрмысқа шыққанда көптеген қорқыныш-үрейлер болады. Ең бастысы, «ол менің ұлыма қалай қарайды?» деген. Тұрмыс құрғаннан кейін өмірдің ең қиын кезеңдері басталды. Барлығын айтып бере алмаймын. Айтарым, күйеуім ұлымды бірден жақсы қабылдады. Олар өте достасып кетті, ол оны «әке» деп айта бастады.

Екінші сәбиімді көтердім. Тұрақты тұрғылықты жеріміз болмағандықтан жиі көшіп тұрдық. Жолдасымның жұмыс бабымен бір қаладан екіншісіне көшіп жүрдік. Мен жұмыс істегенім жоқ, себебі сәбидің күтімімен айналыстым. Өркен сабаққа баратын кез келді. Оның әжесінен көмек сұрадым, себебі олармен араласып тұрды, онда ылғи баратын. Өркен үшін дұрыс шешім қабылдадық деп ойладық. Әжесімен ақылдаса келе, мен нақты бір жерге тұрақтағанымша бала онымен бірге бола тұратынын шештік.  

Каникулдар мен демалыс күндері бала менің жанымда болатындай уағдаластық. Маған өте ауыр болды. Бірақ өмір солай. Көптен күткен күн туды, ұлымды өзіме алып кететін болдым. Тек каникул басталғанын күтіп жүрдік.

Ұлымды соңғы рет жаңажылдық каникул кезінде құшақтадым: Құлыншағым менің, енді сәл шыда. Көктем шықсын, үйді салып бітіреміз де, сені өзімізге алып кетеміз. Енді бірге боламыз», - деп айттым.

Бірақ тағдыр оны менеен алып кететінін және оны сол кезде соңғы рет құшақтағанымды білмеппін. Ешқандай көктем келмейтінін сезбедім. Енді менің өмірімде ешқашан көктем болмайды. Ата-ананың күнәлары үшін балалардың жауап беруі - әділетсіз. Баласына асқар тау, қамқор болуы тиіс әке оның өліміне себепкер болғаны - екі есе ауыр. Өз әкесінің қателіктері мен ойланбай жасаған істері үшін менің балапаным жауап берді. Бала үшін әкесімен тығыз қарым-қатынаста болу маңызды деп ойлайтынмын. Бірақ бұл оған кері әсерін тигізетінін түсінбеппін. Әкесінің ашыналық жүрісі кінәсіз баланың өліміне себеп болатынын ойламаппын. Мен өз ұлыммен бірге жер жастандым. Осының барлығын жасаған адамдар барынша қатаң жазаланғанын көру үшін бар күш-жігерімді жинап, өзімді қолда ұстап жүрмін.

Оларға о дүние мен бұл дүниеде тыныштық болмасын деп Алла Тағаладан сұрап отырмын. Маған да өмірімнің соңына дейін маза болмайды. Мұны өзімді ақтау үшін жазып отырғаным жоқ. Өмірді алдын ала болжауға болмайды екен. Құлар жеріңді білмейді екенсің. Өз тәжірибеме сүйеніп айтарым: Әрбір сәтті бағалаңыздар, уақытты ұрыс-керіске жұмсамаңыздар. Балаңыздың әрбір сәтін бақытқа толтыруға тырысыңыздар», - деп жазды әйел әлеуметтік желіге.

Еске сала кетейік, Алматыда 6-сынып оқушысы 19 қаңтар күні мектептен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Сол күні кешке баланың әжесі оның жоғалып кеткені жайлы полицияға шағымданған.

Кейіннен, 2005 жылы туған Азамат Өркенұлын ұрлап кетіп, өлтірді деген күдікпен оның өгей шешесі - 1980 жылғы Ш. Ақбердиева есімді азаматша  ұсталды. Бірақ ол сотта өз кінәсын мойындамады .

Жедел іздестіру жұмыстары барысында қылмысқа қатысы бар тағы 4 адам қолға түсті. Олар баланы ұрлаған және оның өліміне қатысы бар. Күдіктілер қаладан кетіп қалуға тырысқан, бірақ сақшылар оның алдын алды.

Сот алдында 5 күдікті жауап беретін болады. Олар: Қадыржан Гулямов - жасөспірім, 1980 жылы туған Шарипа Ақбердиева - Өркеннің өгей шешесі; 1997 жылы туған Айдана Ақбердиева - Шарипаның қызы; 1995 жылы туған Тимур Ақбердиев - Шарипаның ұлы;  1990 жылғы Руслан Муталиев - такси жүргізушісі.

Қаскөйлер баланы буындырып өлтірген. Сондай-ақ оның денесінен көптеген пышақ жарақаттары табылды. Өгей ана ауыр қылмысының іздерін жасыру үшін баланың денесін сол үйдің жертөлесіне көміп тастаған. 

Наурыз айының соңында сот 11 жасар Өркен Азаматұлын өлтіру фактісі бойынша күдіктілерді қамауда ұстау мерзімін ұзартты. 

Соңғы жаңалықтар