+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Өгей шеше қорлаған қыздар: Соққы ізін көрген ұстаздар полицияға хабар берген

2019 жылғы 17 сәуір 11:47
Бөлісіңіз:
Өгей шеше қорлаған қыздар: Соққы ізін көрген ұстаздар полицияға хабар берген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Жетісай қаласында өгей шешенің қорлығын көрген үш қыз оқиғасына қатысты Білім және ғылым министрлігі шұғыл іс-шаралар қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түркістан облысында ауыл мектебінің мұғалімдері оқушылардың денесінен ісік пен ұрып-соғу іздерін байқап, полиция қызметкерлерін шақырған. Кейін аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғаған. Балаларды жәбірлеген әйел бірден полицияға жеткізілді. Өгей анасы балаларын ұрып-соққан, денелерінде пышақ іздері бар. Аталған іс Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Білім және ғылым министрлігі тарапынан бақылауға алынды. Аталмыш факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.

Осы орайда Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинованың тапсырмасымен министрдің кеңесшісі Раиса Шер жедел түрде Түркістан облысына аттанды.

Түркістан облыстық білім басқармасының ақпаратына сәйкес, соққыға жығылған оқушы үйіне жіберілмей, туған апасына жеткізіліп, қазіргі таңда толық қауіпсіз жерде.

Бүгінгі таңда қылмыстық кодекстің 140-бап, 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жіберілген. Сонымен қатар, қамаққа алу түріндегі жазаны орындау бойынша шара қолданылғаны белгілі болды. Ата-ана құқығынан тек өгей анасын ғана емес, сондай-ақ әкесін де айыру жөніндегі сұрақ қарастырылып жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT