+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Өгей қыздарына қорлық көрсетті деп күдіктелген келіншек үй қамаққа алынды

2019 жылғы 19 сәуір 00:20
Бөлісіңіз:
Өгей қыздарына қорлық көрсетті деп күдіктелген келіншек үй қамаққа алынды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Жетісай ауданында үш қыз балаға қорлық көрсетті деп күдіктелген өгей шеше үй қамаққа алынды. Аудандық сотта санкция беру мәселесін қараған судья күдікті әйелдің бір жарым жасар баласы бар екенін ескеріп, осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 жастағы жүкті келіншек тергеу аяқталғанға дейін үй қамақта болатын болды. Әйелдің туыстары «айтылған жәйттер жалған» деп отыр.

«Олардың барлығы қыздардың жауаптарына қарағанда, диктовкамен айтып отырған нәрсе ғой. Енді қызымды ақтап алу жағын адвокаттармен ақылдасып шешеміз», - дейді күдікті келіншектің әкесі Пернебай Көбей.

Еске сала кетейік, Жетісай қаласында өгей шеше қыздарына ине тығып, тоңазытқышқа отырғызып азаптағаны белгілі болған еді. Кейіннен осы жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабымен («ҚР ҚК 110-бабы «Азаптау» және 140-бабы «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндетін орындамау») іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыстық полиция департаментіне қарасты Тергеу басқармасы істі өз өндірісіне алып, қыздардың әкесі деструктивті діни ағымды ұстанатынын хабарлады.

Сондай-ақ, еліміздің Білім және ғылым министрлігі оқиғаны дер кезінде анықтап, алдын алмаған мектеп директоры мен сынып жетекшілері, аудан басшылығы тәртіптік жазаға тартылатынын мәлімдеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT