Өгей әкесінен таяқ жеген баланың бас сүйегіне трепанация жасалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өгей әкесінен таяқ жеп, комаға түскен кішкене баланың жағдайы өте ауыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандардың айтуынша, ауруханаға түскенде баланың басында ауыр жарақат болған, сол жақ гемисферасында субдуральды қан ұйыған, субарахноидалды қан кеткен, миы ісіп кеткен.

«Миы диффузды-аксоналды жарақат алған. Кеуде қуысы органдары жарақат алған. Жұмсақ тіндері соғылған. Балада ІІІ дәрежелі дем жетіспеушілігі бар. ІІІ дәрежелі травматикалық шок, ІІІ дәрежелі церебралды шок байқалады. Шұғыл түрде балаға ота жасалған. Баланың бас сүйегі ашылып, субдуральды гематома алынып тасталды. Дәл қазір бала жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жағдайы ауа ауыр», - деді дәрігерлер.

Жантүршігерлік оқиға туралы біз хабарлаған болатынбыз. Полицияға кеше кешкі сағат 16:00 шамасында медициналық қызметкерлер 2 жасар баланың ес-түссіз түскенін айтқан.

Полиция ең алдымен баланың 34 жастағы өгей әкесінен сұрақ-жауап алған. Басында ол бала құлап қалды деген уәж айтты. Кейіннен тергеу материалдарының арқасында ұлды өгей әкесі ұрғаны анықталды. Белгілі болғандай, баланың анасы ол кезде жұмыста болған. Жылаған баланы жұбата алмаған өгей әкесі ұрып-соққан.


Соңғы жаңалықтар